Тьюторымыз AI-чаты бар сайтты жасап шықты!
Тьюторымыз AI-чаты бар сайтты жасап шықты!
Ауыл оқушысы AI-чаты бар сайтты өзі жасап шықты. Оны қазірдің өзінде басқа айқанаттықтар пайдаланып жүр!
Олег Кошель – Ақмола облысы Сандықтау ауданына қарасты Лесное ауылының 9-сынып оқушысы. Сонымен қатар, ол – Peer-to-Peer платформасының талантты тьюторы, қазір Олимпиадаға қатысып жатқан өзінен бір сынып кіші оқушыларға білім беріп жүр. Өте дарынды жас Өткен жылы Олег финалға дейін жетті. Мектепке түсе алмаса да, топ-200 қатарына еніп, онлайн курстар мен IQanat мектебіне сапарларды қамтитын IQ Advanced бағдарламасының қатысушысы атанды. Олимпиада финалы кезінде балаларға жасанды интеллект бойынша курс өткізілді. Сол жерде Олег осы технологиямен жұмыс істеуді меңгерді. Ал IQanat мектебіне барған сапарында оған жеке жоба жасау тапсырмасы беріліп, ол IQ Helper атты тесттері мен AI-чаты бар сайт ойлап тапты (https://iqanat-brain-buddy.lovable.app).
Кейін Олег Peer-to-Peer платформасына келіп, химия пәні бойынша тьютор болды және өз сайтын айқанаттық оқушылар арасында кеңінен таныстырды. Нәтижесінде сайтты қазір оның мектебінен және Қазақстанның басқа өңірлерінен 40 оқушы пайдаланып жүр! Peer-to-Peer арқылы дайындық жүргізетін балалар үшін негізгі онлайн платформаны толықтыратын өте пайдалы құрал. Олег басқа оқушыларды үлкен ынтамен оқытып, біздің басты құндылығымыз – Giving Back идеясын нақты іспен дәлелдеп жүр Осындай мықты тьюторлар бізде мыңға жуық! Олимпиаданың негізгі күші де дәл осы жандар